ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАҒЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ

0

Прокуратура органдарының негізгі міндеттерінің бірі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, бұзылған жағдайда қалпына келтіру болып табылады.
Аудан прокуратурасы мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерінің заңдылығына талдау жүргізіп, нәтижесінде үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесіз, пәтерлердің төлемдерін негізсіз көбейту арқылы жалдау шарттарын жасағанын, салдарынан азаматтардың конституциялық құқықтары бұзылғанын анықтады.
Атап айтқанда, Қордай ауылы «Батыс» ықшам ауданындағы №1 және №2 көпқабатты үйлерді жалға беру кезінде тұрғын үй туралы заңнама талаптарына қайшы осал топтарға жатқызылған адамдардың пәтерлерінің төлемақысы дұрыс есептелмей негізсіз жалпы сомасы 1,2 млн.теңгеге көтерілген.
Қабылданған прокурорлық шаралармен көрсетілген үйлерді жалға беру туралы келісім шарттары төленетін ақыны төмендету арқылы сәйкестендіріліп, 164 адамның, оның ішінде 30 жетім балалар, 32 көпбалалы отбасы және тағы басқа әлеуметтік осал топтарға жатқызылған азаматтардың құқықтары қорғалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.