Аудан әкімінің орынбасары Д.Сүгірбай мен аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Н.Молдабеков әлеуметтік салада қызмет атқаратын жастармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілуге ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар кеңінен талқыланды.
Жиын барысында сөз алған Д.Сүгірбай ұсынылып отырған өзгерістер елдің саяси жүйесін жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтіп, жастардың қоғам өміріндегі белсенділігі мен жауапкершілігі ерекше рөл атқаратынын жеткізді.
Өз кезегінде Н.Молдабеков Конституциялық өзгерістерді талқылау – әрбір азаматтың азаматтық ұстанымын білдіруінің көрінісі екенін айтты.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, жастар өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын білдірді.