Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы 728 қаулысымен бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасына сейкес, әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылады.
Әлеуметтік жұмыс орнын құру.
1.Әлеуметтік жұмыс орындары барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда, сондай-ақ үйде ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.
2.Жұмыс беруші жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін олардың жалақысын субсидиялай отырып әлеуметтік жұмыс орнын құрады.
3.Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін құрылатын уақытша жұмыс орындарының саны шектелмеген.
4.Әлеуметтік жұмыс орындары уақытша сипатқа ие болады.Әлеуметтік жұмыс орындары 12 (он екі) айдан аспайды.
5.Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың жалақысына субсидияның ай сайынғы мөлшері экологиялық үстеме ақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде жалақының белгіленген мөлшерінен 35%-ды құрайды, бірақ 20(жиырма)айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі-АЕК) аспайды.
6.Жұмыс беруші Электрондық еңбек биржасындағы “жеке кабинет’’ арқылы жұмыспен қамту орталығына кезекті орталығына кезекті қаржы жылына әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырға электрондық өтінім береді.
Толық ақпарат алу үшін Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласыңыз.
Тел.: (872636) 4-84-96.
«ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ» ЖОБАСЫ
Prev Post