Әлеуметтік жұмыс орны – жұмыс беруші еңбек мобильділігі орталығымен шарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін құратын уақытша жұмыс орны.
Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.
Жалақыны жұмыс беруші белгілейді. Жалақының 35%-ын мемлекет субсидиялайды, бірақ оның сомасы 20 АЕК мөлшерінен аспауы қажет. Қалған соманы жұмыс беруші төлейді.
Ал, үкіметтік емес ұйымдар құрған әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан мүгедектігі бар адамдар үшін жалақының белгіленген мөлшерінің 70%-ын мемлекет өтейді. Оның да сомасы 20 АЕК мөлшерінен аспайды.
Бағдарламаға жұмыссыз мәртебесіне ие азаматтар қатыса алады. Басымдық әлеуметтік осал таптарына беріледі.
Байланыс нөмірі:872636-4-84-96