ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ КӨМЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

0

Жақында аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбайдың төрағалығымен қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Жиын барысында Қордай аудандық «Мансап» орталығының директоры Саламат Көпешев Қазақстан Республкасының Әлеуметтік кодекстің 107 бабына сәйкес, мүгедектігі бар, пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған  және он сегіз жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарға жыл сайын жұмыс орындарына квота белгілеу үшін аудан көлемінде мекемелер мен кәсіпорындарда жүргізілген жұмыстар туралы баяндады.

Келесі ретте «Korcem» ЖШС-ң өкілі жұмысқа жалпы қанша адам алып, оларға қызмет атқаруға қандай қолайлы жағдайлар жасалынып жатқаны бойынша түсінік берді. Сонымен қатар, Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ақсана Елеусізова Қордай ауданында бас бостандығынан айыру мекемелерінен босап шыққан және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен жыл басынан атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, Қордай ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде бүгінгі күнге 96 адам және аудандық полиция бөлімінің профилактикалық есебінде 29 азамат тіркелген. «Қауіпсіз-Қордай» жобасы негізінде, арнайы құрылған жұмыс тобы, ауылдық округ әкімдіктерінің мамандарымен пробация қызметінің есебінде тұрған жыл басынан 87 азаматтың отбасыларына зерделеу жұмыстары жүргізіп, мұқтаждықтарына қарай әлеуметтік карта жасақталған. Жыл басынан аталған санаттардағы 48 азамат Қордай ауданы бойынша «Мансап орталығына» жұмыспен қамту мәселесі бойынша қайырылған, оларды жұмыспен қамту мақсатында аудан мекемелерінің ұсынған бос жұмыс орындары негізінде аудандық «Мансап» орталығы тарапынан 12 кең ауқымды бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Өткізілген жәрмеңке нәтижесінде пробация қызметінің есебінде тұрған 2 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа, 3 азамат тұрақты жұмысқа жолданыпты. Сонымен қатар, квота белгілеу мақсатында «Мансап» орталығы тарапынан тіркелген кәсіпорындар мен мекемелерде аталған санаттағы азаматтарға бос жұмыс орындарын анықтау жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде, бүгінгі күнге квота толығымен орындалып, 4 азамат жұмысқа орналасқан. Сондай-ақ, пробация есебіндегі азаматтарды қоғамға бейімдеу мақсатында бекітілген жоспарға сәйкес, орталық саябақта аудандық жастар орталығымен бірлесеотырып «Көңілді спортакиада» атты кіші футболдан турнир, аудандық орталық ауруханасының психолог маманымен «Психология өмір айнасы» атты семинар, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған отбасыларды қолдау мақсатында «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясы, мемлекеттік қолдау шараларды насихаттау үшін «Қоғам міндеті» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылыпты

Жиын соңында комиссия төрайымы Дамира Маратқызы жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар берді.

Мадина УЗБЕКОВА

Leave A Reply

Your email address will not be published.