Әлжан ана ауылында «Болашақ-тәртіпті қоғамнан басталады» атты тақырыпта ауыл тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылып өткізілді.

0

Әлжан ана ауылында «Болашақ-тәртіпті қоғамнан басталады» атты тақырыпта ауыл тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылып өткізілді.
Тәртіпті қоғам – бұл әрбір азамат өз құқығы мен міндетін білетін, заңды құрметтейтін, жауапкершілікті сезінетін орта. Мұндай қоғамда құқықбұзушылық азайып, адамдар арасында өзара сыйластық пен сенім қалыптасады.
Тәртіп ең алдымен отбасынан басталады. Ата-ана балаға дұрыс тәрбие беріп, адалдыққа, еңбекқорлыққа, үлкенді сыйлауға үйретсе, ол бала ертең қоғамның саналы азаматы болады. Сонымен қатар, мектеп пен қоғамдық орта да тәртіпті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Болашақ – бүгінгі тәртіптен басталады. Әр азамат тәртіпті болса, қоғам да, мемлекет те дамиды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.