ӘЛЖАН АНА АУЫЛЫНДА КӨРІСУ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

0

Іс-шара барысында Рамазан айына тұспа-тұс келуіне байланысты ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері жарамазан айтып, музей ұжымымен қауышып, көрісу дәстүрін орындады. Бұл қазақ халқының ежелден келе жатқан амандық-саулық сұрасу, ағайын-туыс пен ауылдастар арасындағы сыйластықты арттыру дәстүрінің маңызын айқындай түсті.

Сонымен қатар, шара барысында ұйымдастырылған «Бір бауырсақ – бір мақал» айдары қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Қонақтар бауырсақтан дәм татып, қазақ халқының даналыққа толы мақал-мәтелдерін айтып, ұлттық мұрамызды дәріптеді.

Көрісу күні — қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық дәстүрлі мерекелерінің бірі. Бұл мейрам жыл сайын 14 наурызда атап өтіледі және көктемнің келуін, жаңа жылдың басталуын білдіреді.

Бұл күні адамдар бір-бірімен көрісіп, амандық-саулық сұрасып, «Жасың құтты болсын!», «Бір жасыңмен!» деп құттықтайды. Жастар үлкендерге құрмет көрсетіп, қол алып сәлем береді. Ағайын-туыс, көрші-қолаң бір-бірінің үйіне барып, жылы тілектер айтып, өкпе-ренішті ұмытып, татуласады. Көрісу күні – адамдарды жақындастырып, сыйластық пен бірлікті арттыратын мереке. Бұл күні дастарқан жайылып, қонақ күтіп, жақсы тілектер айтылады. Осылайша халық жаңа жылды қуанышпен қарсы алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.