Көмек қолын созу – нағыз құрметке лайық адами қасиет. Мұндай әрекет әркімнің қолынан келе бермейді. Осындай жандардың ауданымызда көп болғаны, әрине, қуантады.
Өткен аптадағы қауіпті және күтпеген ауа-райының салдарынан Қордай асуы мен «Алматы-Тараз» тас жолының бойында көптеген көліктер қар құрсауында қалып қойды. Төтенше жағдайларды жоюға жауапты қызметтер дереу жұмылдырылды — құтқару операциясы қатты жел, қарлы боран, бір сөзбен айтқанда аса қауіпті жағдайда өтті, бірақ бір минутқа да тоқтамады. . Мұндай жағдайда көптеген адамдар қар құрсауында қалған жүргізушілерге көмекке келді: қарапайым ауыл азаматтары — жергілікті тұрғындар, кәсіпкерлер, мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер. Олар еш мүдірместен, өз өмірлерін қатерге тігіп, ерлік, батылдық, қаһармандық пен жанқиярлық танытып, жедел әрі үйлесімді әрекеттерімен талай адамның өмірін сақтап қалды. Олар көлік жүргізушілері жылынып, тамақ ішіп, ыстық шай ішетін жылжымалы орындарды да ұйымдастырды. Қарапайым халықтың даңқ қумай, жүрек қалауымен батыр атануы – жанқиярлыққа дайын болу, мұқтаж жандарға қол ұшын созу – қордайлықтарға тән қасиет. Батырлық ғажайыптарын көрсеткен олар өздерін ерекше адаммын деп есептемейді. Олардың әрқайсысынан сұрай қалсаңыз, әдеттен тыс ештеңе жасамағанын және олардың орнында кім де болса солай істейтін еді» деп сабырлықпен жауап береді. Шындығында да, олардың көпшілігі жайлы біз туыстары, достары және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы естіп-білген қарапайым адамдар.
Адам өмірін сақтап қалу үшін кәсіби құтқарушы болудың қажеті жоқ. Соңғы оқиғалар көрсеткендей, мұны басқаларға көмектесуге дайын әрбір қамқор адам жасай алады.
Нұрдин САДЫҚОВ, Қордай аудандық мәслихатының төрағасы