ӘР АЗАМАТ СҰРАҒЫ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

0

Басшылық назарынан тұрғындардың жайы ешқашан да тыс қалған емес. Жұма күні аудан әкімі Бегзат Болатбековтың аудандық әкімдікте азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы соның айғағы. Жалпы, аудан халқының көкейіндегісін тыңдап, күрмеуі күрделі мәселелерін шешу мақсатында өтетін мұндай қабылдаулар түрлі тақырыптарды қаузайтынымен ерекшеленеді. Бұл жолы да аудан әкімінің кез-келген мәселені байыппен талдап, нәтижесіз, аяқсыз қалдырмайтынының куәсі болып қайтқан едік.

Аудан басшысының қоғамдық қабылдауына сегіз адам тіркелген екен. Олардың бірнешеуінің проблемасы сол жерде оңды шешімін тапса, қалғандарының өтініші бақылауға алынатын болды. Жалпы, жеке мәселесінің қамымен келгендердің әрқайсысының айтқанын Бегзат Сейсенқұлұлы мұқият тыңдап, тиісті жауаптарын берді. Осылайша әр сұрағына қанағаттанарлық жауап алған тұрғындар басшылыққа ризашылығын білдіріп, алдағы істеріне сәттілік тілеумен үйлеріне қарай бет түзеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.