ӘР СҰРАҚҚА МАРДЫМДЫ ЖАУАП

0

Бейсенбі күні бекітілген кестеге сай, аудан әкімі Мәден Мұсаев азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Аудан басшысының қабылдауына 13 адам жазылды.

Азаматтардың көбісі материалдық көмек көрсету, тұрғын үй алу, жер учаскелерін бөлу, жермен байланысты дауларға қатысты мәселелермен келген. Әр жағдайды мұқият тыңдаған Мәден Тоқтарбайұлы мәселенің мәніне қанық болу үшін қабылдауға қатысқан мамандардан жауап алды. Тұрғындар көтерген мәселелер назардан тыс қалмай, оларға жауап-кеңестер берілді. Бұл күнгі көтерілген сұрақтардың басым бөлігі тұрғын үй алуға қатысты болды. Аудан басшысы әлеуметтік баспана кезекпен берілетінін жеткізді. Қабылдауға келген азаматтар қатарында азаматтық алу мен құжаттарды рәсімдеуде қиындықтарға тап болғандар болды. Барлық мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.