Әр сұрақ бақылауға алынады

0

Аудан басшысының жеке қабылдауына тұрғындар әртүрлі сұрақпен келеді.  Оның бірі сол орында шешімін тауып жатса, кейбіріне заңды түрде түсініктеме беріліп, тіпті жауапты мамандарға сұрақты назарға алу бойынша тапсырмалар да жүктеледі. Бастысы, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты лайықты іске асып келеді. Аудан әкімі Бегзат Болатбековтың кезекті қабылдауы дүйсенбі күні «AMANAT» партиясы аудандық филиалында өтті.

 Осы күнгі қабылдауға жалпысы 23 адам жазылған. Аудан әкіміне жүгінген әр тұрғынның сұрағына байланысты аудан әкімдігінің бөлім мен мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері бірге қатысты. Байқағанымыз, негізінен тұрғындарды толғандырған сұрақ ол – тұрғын үймен қамту жайы. Әсіресе, әлеуметтік осал топқа жататын немесе өмірлік қиын жағдайға тап болған жандар аудан басшысы қабылдауына келіп, мәселесін айтып, шешуіне ықпал етуін сұрады. Тұрғын үй бойынша Бегзат Сейсенқұлұлы нақты жауаптар беріп, ең алдымен кезекке тұру қажеттігін айтты. Мәселен, Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегіне тіркелу үшін тиісті құжаттар тізімін аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен алып, «еgov» порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналаған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы «Халыққа Қызмет Көрсету Орталығы» арқылы өткізу қажет. Құжаттары толық, қолданыстағы Қазақстан Республикасының Заң талаптарына қайшы келмеген жағдайда тиісті санатқа жатқызылып, кезекке алынатын болады. Осы жауап аталмыш сұрақпен келген жандардың барлығына айтылды.

Қабылдауға келгендер қатарында жер телімін алу, жұмысқа орналасу, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, тіпті жолдар жағдайы мен қазіргі таңда материалдық тұрғыда қиын жағдайға түсу бойынша да өтініштер айтылды.

Барлық сұрақтар мен өтініштерді назарға алған аудан әкімі кейбірі бойынша заң аясында түсініктеме беру үшін мамандарға тапсырма жүктеп, қабылдауға келген әр жанға нақты жауаптар айтты.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.