ӘР ШАҢЫРАҚҚА ҚҰТ-БЕРЕКЕ ӘКЕЛСІН!

0

Құрметті қордайлықтар!

Жаңа 2025 жыл құтты болсын!

Жаңа жыл қарсаңында жүрегіміз жарқын үмітке толады, бұл біздің бастан өткергенімізді түсіну, болашаққа деген жоспарларды біріктіру, оң көзқарас пен шығармашылық ұмтылыс. Өткен жылды еске ала отырып, біз әрқайсымыз үшін ең қымбат нәрсе — отбасымыз, ең жақын адамдарымыз және алда не күтіп тұрғаны жайлы ойлаймыз. Жаңа жылды қарсы алған кезде барлық қиындықтар мен уайымдарды артқа тастап, жақсы көңіл-күйді, жеңістер мен жетістіктерді алып кеткіміз келеді.

Келер жылдан үлкен үміт күтіп, жаңа белестерді бағындыруды мақсат етіп отырмыз. Алда ауқымды жұмыстар күтіп тұр, маңызды жобалар жоспарланған. Барлық күш-жігеріміз оларды аудан тұрғындарының игілігі үшін сәтті жүзеге асыруға бағытталатын болады. Бұл жергілікті өкілді органдар қызметінің таяу болашақтағы негізгі ұстанымы, негізгі мазмұны.

Құрметті жерлестер!

Келер жыл елімізге тыныштық пен амандық, әр шаңыраққа құт-береке әкелсін!

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға шаттық, барлық игі істеріңізге сәттілік тілеймін! Жаңа жыл құтты болсын!

Нұрдин САДЫҚОВ, Қордай аудандық мәслихатының төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.