ӘРБІР ОТБАСЫ – КІШКЕНТАЙ МЕМЛЕКЕТ

0

Отбасы адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа затпен салыстыруға болмайды.

Мереке қарсаңында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі биыл отауласқанына 52 жыл толған Сейілхановтар әулетін Отбасы мерекесімен құттықтап, мерекелік естелік сыйлық табыстады.
Жастарды жылы қарсы алған Әбдібек ата мен Роза апа осынау жарты ғасырдан аса құрылған шаңырағындағы бақытты сәттерімен бөлісті. «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұжымына ризашылықтарын білдіріп, алға қойған әрбір бастамаларына сәттілік тілеп, ақ батасын берді.
А.ИСРАИЛОВА,
«Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.