Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі жастарды күзгі кезекті әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру жұмыстарын қорытындылап, биыл осы бағытта атқарылатын жоспарларымен бөлісті.
Есепті жиынға аудан әкімінің орынбасары Д.Сүгірбай мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру жұмыстарының қорытындылары бойынша үздік деп танылған бірқатар ауылдық округ әкімдерін Қордай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, полковник Г.Даминов ерекше атап өтіп, алғыс хаттар табыс етті.