Гвардейск гарнизонына қарасты әскери бөлімдерде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген мерзімді қызмет сарбаздары Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын қабылдау жөніндегі республикалық референдумға қатысты. Әскери қызметшілер сайлау учаскелеріне келіп, өздерінің конституциялық дауыс беру құқығын жүзеге асырып, әр сарбаз өз таңдауын жасап, елдің болашағы мен дамуына өз үлесін қосты.