Әскери өмірмен танысты

0

Гвардейск гарнизонында Қордай ауданының 10-сынып оқушылары үшін Ашық есік күні өтті. Бұл іс-шара оқушыларға әскери қызметшілердің әскери өмірімен, техникасымен және тұрмысымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.

Оқушылар әскери нысандарды қарап шығуға, қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілерімен танысуға, сондай-ақ өз қызметі туралы айтып, жасөспірімдердің сұрақтарына жауап берген әскери қызметшілермен араласуға мүмкіндік алды.

“Гарнизонымызда Қордай ауданының оқушыларына арнап ашық есік күнін  ұйымдастырдық. Осы іс-шараның мақсаты, ең алдымен, болашақ қорғаушыларды мектептен бастап тәрбиелеу, сонымен қатар әскердің құндылықтары мен қоғам үшін маңыздылығын түсіндіру. Біз өз қызметімізді мақтан тұтамыз және өскелен жас ұрпақ, ер жігіттердің азаматтық парызын орындауға шақырамыз. Тағы бір мақсатымыз — армияның патриотизмді қалыптастыруға қалай ықпал ететінін түсіндіру, сонымен қатар оның жеке өсуі мен кәсіби дамуы үшін көптеген мүмкіндіктер туралы айту” — деп атап өтті гарнизон бастығы полковник Ержан Мейірманов.

Іс-шара барысында мектеп оқушылары сарбаздардың дағдыларын іс-әрекетте көре алатын, сондай-ақ әскери қызмет атмосферасын сезіне алатын көрме қойылымдары ұйымдастырылды. Мұндай іс-шаралар жастарды патриоттық тәрбиелеуге, олардың әскери қызметке деген қызығушылығын дамытуға және Қарулы Күштердің қызметі туралы білім деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.