ӘСКЕРИ ОҚУ ОРНЫНА ТҮСУ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

0

Қордай ауданы бойынша шекара басқармасының тәрбие, идеологиялық және кадрлар жұмыстары бөлімі бастығының орынбасары Нұрбек Орақов Қордай ауданындағы Қайнар, Бетқайнар, Степное, Қарасу, Ауқатты, Сортөбе, Қарасай батыр, Қордай гуманитарлық-техникалық колледжі студенттері және 11-сынып оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің жоғары оқу орындарына және Қордай шекара бөлімшелеріне жұмысқа іріктеу, қабылдау бойынша үгіт насихат жұмысы жүргізілді. Қазіргі таңда әскери қызметшілердің әлеуметтік қамтамасыздығы, жоғары жалақылары мен мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер туралы ақпарат берілді. Ұлттық қауіпсіздік академиясына ҰБТ тапсырмай түсуі сондай-ақ Қордай ауданы бойынша келісімшарт әскери қызметшілерінің жалақысы 300.000-нан басталатыны, өзінің отбасына медициналық тегін ем алуы және ай сайын өзіне, отбасы мүшелеріне тиісті 33 354 теңге пәтерлік тұрмыс үйге үстем ақысы берілетіні туралы ақпарат берілді.

Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің жоғары оқу орындарына түсу және Қордай шекара бөлімшелеріне жұмысқа орналасуға қатысты сұрақтарыңыз болса Қордай ауданы бойынша шекара басқармасының тәрбие, идеологиялық және кадрлар жұмыстары бөлімі бастығының орынбасары Орақов Нұрбекке хабарласыңыз, тел.:87025007999

Leave A Reply

Your email address will not be published.