Жастарды әскери өмірге қызығушылығын арттыру мақсатында Қайнар шекара бөлімшесінде «Ұланды ел алыбы» атты әскери-патриоттық экскурсиясы өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, қоғамның дамуына, азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, жастардың әскери іске қызығушылығын арттыру болып табылады. Әскери-патриоттық экскурсияға №31 Қ.Рысқұлбеков орта мектебі мен №32 В.Маяковский орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Іс-шара қатысушылары жас сарбаздың жатын орны, дене шынықтыру жаттығуларының нормалары, қару-жарақты пайдаланумен таныстырылып, әрбір әскери техникаларды пайдалануға мүмкіндік алды. Аталмыш іс-шара жастарды Отанның қауіпсіздігі мен қорғанысына үлес қосуға және өз елінің мақтаныш қорғаушылары болуға шақырады.