ӘСКЕРИ ПОЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІНІҢ ЖЕКЕ ҚҰРАММЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

0

Гвардейск гарнизоны аумағында «НҮКТЕЛІ АЛДЫН АЛУ ӘДІСІ», «ӨМІРДІ САҚТА» жоспарлары негізінде әскери полиция өкілдерінің жеке құраммен кездесуі өтті.

Әскери полиция бөлімшесінің патруль посттық қызметінің бастығы, подполковник Нурлан Нусупов және алдын алу бөлімшесі офицерінің лауазымын уақытша атқарушы кіші сержант Самат Омаралиевтың бастауымен алдын алу жұмыстары өткізілді. Шара барысында қызметшілер арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде жарғылық қағидалардың бұзылуы, билікті асыра пайдалану, құмар ойындарға тәуелділік, алкогольдің және есірткі заттардың адам ағзасына зиянды әсері туралы айтылды.

Сондай-ақ, қыс мезгілінде көлік құралын басқару ерекшеліктері, ағымдағы жылдағы апаттық оқиғаларды талдау және мысалдар келтіру арқылы алдын алу жұмыстары қозғалды. Гвардейск гарнизоны Әскери полиция бөлімінің автомобильдік полиция бөлімшесінің бастығы, майор Қанат Закуляев, Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери полициясы Бас басқармасы бастығының 2023 жылғы қараша айындағы жоспар талаптарына сәйкес «Өмірді сақта» акциясы жүргізіліп жатқанын және болып жатқан жол-көлік оқиғаларын жеткізіп, сақтық шаралары мен көлікпен жол жүру ережелерін түсіндірді. Сонымен қатар, жеке автокөліктерді қыс мезгіліне әзірлеу, ақауы бар тұстарын уақытылы ауыстыру туралы талаптарын жеткізді.

Гвардейск гарнизонының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.