Әскерилер марапатталды

0

Қазақстанның он өңіріндегі су тасқыны салдарын жоюды, су тасқынына қарсы іс-шараларды, апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуді белсене ұйымдастырғаны, сондай-ақ қазақстандық патриотизм мен азаматтық ұстанымның және отансүйгіш рухтың ерекше үлгісін көрсеткені үшін бірқатар әскерилер марапатталады.

Жақында Отар ауылында 21450 әскери бөлімінің әскери тәртіп жөніндегі аға офицері майор Қуандық Арыстанов, 21450 әскери бөлімі командирінің орынбасары, штаб бастығы, подполковник Бахтияр Заитов, 82796 әскери бөлімі командирінің техникамен қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары, подполковник Умиртай Куланбаев, Абсаматович Қордай ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен, 82786 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі — гвардия қатардағы жауынгері Данил Золотарёв, 82796 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі — гвардия қатардағы жауынгері Бекжігіт Кенжебай, 21450 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі — қатардағы жауынгерлер Ерсұлтан Пазылжан, Владимир Третьяк Алғыс хатпен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.