Гвардейск гарнизонының әскери бөлімдерінде жаңа оқу жылына дайындық жүргізілуде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында әскери қызметтің беделін арттырып, Қарулы Күштердің материалдық базасын нығайту қажет. Отанына адал, кәсіби тұрғыдан дайындалған офицерлері мен әскери қызметшілері бар армиямыз жаңа геосаяси жағдайларда ел қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қатерлерге тойтарыс беруге дайын болуы керектігін айтты. Осы мақсатта Қорғаныс министрлігінің нұсқауларына сәйкес қазіргі таңда Гвардейск гарнизонының әскери бөлімдерінде жаңа оқу жылына дайындық барлық бағыттар бойынша өтуде.
Дайындық кезеңі бөлімшелерге бекітілген жеке құрамды, әскери киім нысанын, құжаттаманы, қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйін тексеруді қамтиды. Дайындық барлық бағыттар бойынша жеке жүзеге асырылады. Оқу-материалдық базаны дайындауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға ерекше көңіл бөлінеді.
— Бұрын болған кемшіліктер ескеріліп, жойылды. Жаңа оқу кезеңінде жеке құрам жауынгерлік даярлықта үздік нәтиже көрсетеді деп ойлаймын, – деді танк бригадасының сержанты 1-ші сыныпты сержанты Бақтияр Ратов.
Бұл ретте өткен оқу кезеңінің қорытындысы шығарылып, жаңа оқу жылына міндеттер қойылатын болады. Жаңа оқу жылы әскерлерде, барлық әскери бөлімдер мен мекемелерде тактикалық-саптық сабақтардан басталады.
Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі