2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстандағы күштік құрылымдардың әскери қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері жылына бір рет ел ішінде жолаушылар пойызымен тегін жол жүре алады. Жеңілдік тек ішкі бағыттарға қатысты.
«Тегін жол жүру құқығы тек Қазақстанның ішкі бағыттары бойынша қатынайтын жолаушылар пойыздарына ғана таралады. Сонымен бірге тиісті шығындар ұлттық компания – «Қазақстан темір жолы» қаражаты есебінен өтеледі», – деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ экономика және тасымалды есепке алу департаментінің бас менеджері Айнұр Базарбаева.
Еске сала кетейік, алғашқы кезең 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылды. Офицерлік құрамның жалақысы орта есеппен 20,3%, ал қатардағы және сержанттық құрамның жалақысы 33,9% өскен.