ӘСКЕРИЛЕРГЕ АУДАН ӘКІМІНІҢ МАРАПАТЫ ТАБЫС ЕТІЛДІ

0

Ағымдағы жылдың 13-16 желтоқсаны аралығында Қордай ауданының аумағында төтенше жағдай орын алды.

Табиғи құбылыс салдарынан қар құрсауында қалған азаматтар көптің көмегімен құтқарылып, жолдар қардан тазарғаны баршаға белгілі. Жергілікті, облыстық және республикалық жолдарды қардан тазалау жұмыстарына арнайы техникалар, ТЖД мамандары мен әскерилер жұмылдырылды.

Осындай қиын сәтте аудан азаматтарымен бірге қар тазалау жұмыстары мен қар құрсауында қалған азаматтарға көмек қолын созғандардың бірі — Меркі аудандық «Ақсу»  шекара бөлімшесінің әскерилері болды.

Сәрсенбі күні төтенше жағдай кезінде  ерлік көрсеткен әскерилерге аудан әкімінің  Құрмет және алғыс хаттары табыс етілді.

Аудан әкімінің марапатын аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Сатымқұл мен аудандық мәслихаттың депутаты Э.Апаев арнайы апарып табыс етіп: «Құрметті Отан қорғаушылар, төтенше жағдай кезінде өз өмірлеріңізге қатерге тіге отырып, қар құрсауында қалған жүздеген ел азаматын құтқардыңыздар. Сіздер бейбіт күннің батыры екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Бұл ерліктеріңіз ешуақытта ұмытылмайды»,-деп ізгі тілектерін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.