«ӘУЛИЕАТА ШАЙЫРЛАРЫ»

0

2025 жыл Жамбыл облысында «Кітап оқу жылы» деп белгіленді. Облыс әкімі Ербол Шырақбайұлының бұл бастамасын қолдау барысында «Кітап оқитын өңір» жобасы аясында Қордай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде «Әулиеата шайырлары» атты кітап жинағының тұсаукесер рәсімі жүзеге асырылды.

Шараға «Әулиеата Шайырлары» шығармашылық бірлестігінің басшысы Мұхит Есіркепов, бірлестіктің мүшелері және Қырғызстан мемлекетінің, Алматы қаласының ақын-жазушылары қатысты. Салтанатты кеш шымылдығы «Махаббат би» ансамблінің биімен ашылды. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет құттықтау сөз сөйлеп, барлық аудан тұрғындарын кітап оқуға шақырды. Қазақстан журналистер одағының мүшесі Құрманбек Әлімжанның қатысуымен лента қию рәсімі өтті. Ақындарға Алғыс хаттар табысталып, сый-құрмет көрсетілді.

Жинаққа енген жүректері жыр деп соққан ауданымыздың ақындары Талғат Абдрасилов, Дәмегүл Бақытжанова, Берік Семетаевтің сөзіне жазылған әндер шырқалып, шығармаларынан үзінділер оқылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.