ӨҢІР ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫНА САЙ ДАМИТЫН БОЛАДЫ

0

Қордай ауданына
Жамбыл облысының
2025 жылға дейінгі
стратегиялық даму
жоспарының мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру бойынша жұмысшы топ келді. 2025 жылға дейін елімізді дамытудың Ұлттық жоспарында қойылған, жалпы ұлттық басымдықтар мен міндеттер ескерілген аталмыш жоспарда әр бағыт бойынша мақсаттар айқындалып, индикаторлар белгіленген.
Бекітілген кестеге сай 21-28 қараша аралығында құрамына түгел дерлік облыстық басқарма өкілдері кірген жұмысшы топ облыстың аудандарын аралап, әкімдік қызметкерлері мен бөлім басшыларымен кездесіп, барлық пилоттық жобалар мен облысты әрі қарай дамыту жоспарларымен бөлісіп, жаңа жұмыс орындарының құрылуы жөнінде түсіндіріп өтті. Сонымен бірге, барлық мақсатты индикаторлар облыстың келешегі мен мүмкіндіктерімен байланысты екені баса айтылды.
Облысты дамыту жоспары негізгі 3 бөлімнен тұрады, олар инвестициялық жобалар, бюджеттік инвестициялық жоспарлар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. Жоспардың бірінші бөлімі ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп сынды екі ірі саланы қамтиды. 2025 жылға дейін 14, 4 мың жаңа орын құрып, 2 триллион теңге сомасына 1154 жобаны іске асыру көзделген. Агроөнеркәсіптік кешен саласында жалпы сомасы 73,5 миллиард теңгеге 711 жобаны, оның ішінде 110 жобаны жыл соңына дейін іске асыру жоспарлануда. Сонымен қатар өнеркәсіптік кешенді дамыту 10 бағыт бойынша жүргізілмек. Оған қоса, қоғамдық және мемлекеттік қызметтердің жалпыға қолжетімділігі, қолайлы өмір сүру ортасын құру мәселелерін шешу қарастырылған.
Жоспарды іске асырудың басты мақсаты – отбасылық жүйелі даму мен өңдеу өнеркәсібінің арқасында белгілі орындарда жұмыс орындарын құру, өмір сүру жағдайын жақсарту және табысты арттыру. 2022 жылға дейін облысты дамыту жоспарының аясында 83 мың жұмыс орны құрылады, оның ішінде 28,3 мың — тұрақты, 55 мың – уақытша, бұл жұмыссыз және өзін-өзі қамтыған азаматтардың жұмыспен қамтылуына кепіл болмақ.
Осылайша, 2021-2025 жылдарға арналған облысты дамыту жоспарында қарастырылған іс-шараларды іске асыру нәтижесінде өңір экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сәйкесінше халықтың өмір сүру сапасын жақсарту қамтамасыз етіледі.

Ләйлім ДОСЕМБЕКОВА

Leave A Reply

Your email address will not be published.