«ӨМІРДІ САҚТА» АКЦИЯСЫ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

0

Гвардейск гарнизонында Әскери полиция бөлімінің әскери автомобильдік полиция өкілдерімен бірлесе отырып әскери бөлімдер мен мекемелердің автомобильшілер қоғамы төрағаларымен дөңгелек үстел өткізілді.
Өздеріңіз білетіндей, автокөлік индустриясының даму қарқыны жыл сайын өсуде. Қазіргі таңда автокөлік қоғамда өзіндік орны бар мүлікке айналып, жол қозғалысының ажырамас бір бөлігіне айналды. Көлік түрлері мен санының көбею салдарынан жол-көлік оқиғалары арта түсуде.
Іс-шара қыс мезгілінде көлік құралдарын пайдалану, тұман, көк тайғақ және нашар көрініс тақырыбында дәрістер өткізілді.
Гвардейск гарнизоны Әскери полиция бөлімінің әскери автомобильдік полиция бөлімшесінің бастығы майор Қанат Закуляев, Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери полициясы Бас басқармасы бастығының 2022 жылғы қараша айындағы жоспарының талаптарына сәйкес «Өмірді сақта» акциясы жүргізіліп жатқанын және болып жатқан жол-көлік оқиғаларын жеткізіп, сақтық шаралары мен көлікпен жол жүру ережелерін түсіндірді.
Жол-көлік сақшысы майор Қанат Закуляев өз сөзінде жеке құрамға жаяу және көлікпен жол жүру ережелері мен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша нұсқау жүргізді. Сонымен қатар, жеке автокөліктерді қыс мезгіліне уақытылы ауыстыру туралы талаптарын жеткізді.
Іс-шара соңында, 2023 жаңа оқу жылына жол-көлік оқиғасын алдын алу бойынша біршама талаптар қойылды.
Гвардейск гарнизоны
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.