Қордай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі артып келеді. Алты ай ішінде 7007 тонна ет, 7620,8 мың дана жұмыртқа, 880,6 тонна жүн өндірілді. Бірқатар мемлекеттік бағдарламалар іске асырылып, оларға қордайлық кәсіпкерлер белсенді қатысуда. Айта кетсек, қордайлық шаруаларға «Қарапайым заттар экономикасы» және «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламалары аясында өз істерін дамытуға мол мүмкіндік ұсынылған.