ӨНІМДЕРДІ ЭКСПОРТТАУ БОЙЫНША

0

Қордай ауданында әртүрлі қауымдастықтарды интеграциялау жөніндегі 2024 жылға арналған кешенді ведомствоаралық жоспарын орындау мақсатында ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерін экспорттау бойынша кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастырылды.

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының ұйымдастыруымен наурыз, сәуір, мамыр айларында «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, Қордай ауданы әкімдігі, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы өкілдерінің қатысуымен өндірілген өнімді экспортқа шығару кезінде көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы 3 рет жергілікті кәсіпкерлік субьектілеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 22 сәуір күні ZOOM платформасы арқылы облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өнімді сыртқы нарыққа экспорттау кезінде көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары бойынша онлайн түсіндіру жұмыстары жүрген болатын.

Сонымен бірге, Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен Масаншы, Сортөбе ауылдарының 60 кәсіпкеріне өнімдерді экспорттау бойынша шаруалар арасында кездесулер өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.