Үстіміздегі жылдың 22 қаңтарынан бастап облыс көлемінде тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығы жарияланды және оның барысында тұрғын үй секторларындағы өртке жол бермеу мен оның алдын алу іс-шаралары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарын қатыстыра отырып, тұрғындармен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта Департамент қызметкерлерімен тұрғындарды өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша оқыту және өрттің алдын алу жұмысы жүргізілуде, бұл жұмыс баспа беттерінде мақалалар жариялау, жергілікті теледидар және радио арнасы арқылы хабарламалар беру, кино, теле және бейнефильмдер көрсетуді ұйымдастыру, тұрғын үй аулаларында, көшелерде, елді мекендерде, әлеуметтік қамсыздандыру объектілерінде, көлік және байланыс кәсіпорындарында, емдеу және білім беру мекемелерінде конференциялар, нұсқаулықтар, кеңестер беру және тақырыптық лекциялар оқу, сондай-ақ өрт техникалық орталық базасында лекциялар оқу, білім беру мекемелерінде интерактивті сабақтар жүргізу, конкурстар мен викториналлар өткізу және ашық есік күнін ұйымдастыру арқылы іске асырылуда.
Өртті алдын алу және жол бермеу жұмысын жүргізу кезінде тұрғындар арасында жүргізілетін үгіт насихат іс шараларын жоспарлы, біркелкі және жүйелі түрде тереңдету арқылы және де бала бақша мен мектеп қабырғасынан бастап жүргізуді жандандыру азаматтарымыздың өрт қауіпсіздігіне деген көзқарастарының деңгейін артыруға және тұрғын үй қорларының өртке қарсы қорғанысын күшейтуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз.
Қордай аудандық төтенше жағдайлар бөлімі