ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАЙЫҚ

0

Күз мезгілі келуіне байланысты аудан аумағында қураған шөп және қоқыс өртеу оқиғалары жиілеуде. Осыған орай Қордай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері қоқыс өртеу салдарынан пайда болатын өрттердің алдын алу мақсатында күн сайын рейдтік жұмыстар жүргізуде. Рейд кезінде қоқыс жағу фактісі орын алған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 336-бабына сәйкес (Қалдықтарды жинап қою немесе жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау) әкімшілік іс қозғалатынын ескертеміз! Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығының 183 тармағына сәйкес: алау жағу, қалдықтар мен ыдыстарды өртеу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 м қашықтықта жүзеге асырылады. Қалдықтар мен ыдыстарды өртеу осы мақсатқа арнайы бөлінген жерлерде қызмет көрсетуші персоналдың бақылауымен жүргізіледі. Сонымен қатар жоғарыда көсетілегн бұйрықтың 174 тармағына сәйкес: Құрғақ, ыстық және желді ауа райы тұрақты болған жағдайда қалаларда, ауылдық елді мекендерде және кәсіпорындарда, саяжайлық ауылдарда, бау-бақша учаскелерінде от жағуға, көмір жағуға, өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге, пештерді, ас-үй ошақтарын және қатты отынмен жұмыс істейтін қазандық қондырғыларын жағуға жол берілмейді.

ҚР ӘҚБтК-нің 336-бабына сәйкес айыппұл қарастырылғанын Ескертеміз!

Қ.Дүйсен, Қордай аудандық ТЖБ аға анықтаушысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.