ӨРТ ҚАУІПТІ КЕЗЕҢ

0

Қауіпті кезеңнің басталуымен өрттің шығу қауіпі еселенеді. Әдетте, осы кезеңде құрғақ шөпті, қоқысты рұқсатсыз жағудан өрт жиі пайда болады. Осы кезеңде ашық от жағуға және қоқысты жағуға, сондай-ақ кез келген өртке қауіпті жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.

Былтырғы құрғақ шөпті жағу жер үшін пайдалы, оны күлмен ұрықтандырады деген жалған пікір бар, сондықтан көптеген азаматтар шөпті өртеуді арнайы ұйымдастырады. Шын мәнінде, мұның пайдасы жоқ: шөпті жағу кезінде көптеген пайдалы микроорганизмдер өледі, ал құрғақ шөпте көрінбейтін жас шөп өлуі мүмкін, сонымен қатар құрғақ шөп жанғанда маңындағы ғимараттарға оңай жетеді.

Еш уақытта қоқысты бақылаусыз жағуға, құрғақ шөпті өртеуге, сөндірілмеген темекіні бейберекет тастауға жол бермеңіз!

Есіңізде болсын:

— өртті сөндіруге арналған құрал-сайман әрқашан дайын болуы тиіс: шелек, күрек, суы бар бөшке, құмы бар жәшік;

— құрғақ шөпті тырмамен жинау керек, оны қоқыспен бірге ғимараттардан алыс орналасқан, қауіпсіз аймақта тек бақылаумен жағуға болады;

— Екпінді жел болғанда от жағуға болмайды;

— Қоқысты жағу кезінде өрттен шыққан ұшқын кездейсоқ ғимараттарға ұшып кетпеуі үшін желдің бағытын ескеріңіз.

А.АМАНГЕЛДІ, Қордай аудандық ТЖ бөлімінің инженері

Leave A Reply

Your email address will not be published.