Жанған затты тезірек өшіруге тырысыңыз, оттың өршуіне жол бермеңіз.
Егер де сұйық зат жанса (май, еріткіш) — оған су құймаңыз, жарылыс болуы мүмкін. Отты қалың матамен немесе басқа бір затпен өшіріңіз.
Егер де от өршіп кетсе — оны сөндіріп әуре болмаңыз. Дереу өрт сөндірушілерді шақырып, газ бен токты өшіріңіз де, сыртқа шығыңыз.
Есік пен терезені ашпаңыз – одан кірген ауа отты одан сайын өршітіп жібереді.
Су ағатын труба немесе арқан арқылы төмен қарай түспеңіз, терезеден секірмеңіз (секіру 4-қабаттан бастап өте қауіпті).
Аузыңыз бен мұрныңызды сулы шүберекпен немесе орамалмен жауып алыңыз.
Кез келген ғимаратқа кірер кезде одан шығу жолдарын еске сақтап, эвакуациялық есіктерді тексеріп алыңыз, олардың ашық екеніне көз жеткізіңіз.
Түтіннің иісін сезген бойда қауіпсіз жолмен ғимараттан шығуға тырысыңыз. Жиналған адамдардың арасына бармаңыз, өрт сөндірушілерге дереу хабарласыңыз.
Егер де жиналған адамдардың арасына тап болсаңыз, қолдарыңызды жұдырықтап, екі жағыңызда мықтап ұстаңыз. Аяғыңызбен жер тіреп, арттағы адамдар тобын ақырындап жіберуге тырысыңыз.
Түтін көп жиналған жерге бармаңыз. Жоғары қабаттарға шықпаңыз немесе алыс тұрған ғимараттарға бармаңыз.
Егер де ғимараттан шыға алмайтындай жағдай туындаса, өрт шалмаған ашық жер іздеп тауып, сол жерде құтқарушыларды күтіңіз.
Өрт кезінде адамды алдымен күйік шалады немесе түтінге қақалып, угар газымен уланады. Көмек көрсету үшін:
Ыстық температураның әсерінен құтқарып, киіміндегі өртті сөндіру керек, сосын өрт болған жерден далаға алып шығу керек.
Күйік шалған жерін дымқыл таза шүберекпен орап қою керек. Аздап қана күйген жерді суық сумен 10–15 минут бойы жууға болады.
Егер де дененің күйік шалған жері үлкен болса – зардап шеккен адамды таза жапқышқа орап, медицина мекемесіне жеткізу керек.
Түтінге қақалған адамдарды дереу сыртқа таза ауаға шығарып, қажет болса, өкпесіне дем беру амалдарын жасау керек.
Науқасты ауруханаға жеткізген кезде оның тыныштығын қамтамасыз ету керек.