ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

0

Қордай ауданы бойынша «Мансап» орталығы 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде ағымдағы жылғы 1 қазаннан  31 қазан аралығында «Атамекен» ҰКП тізілімінде тұрған білім беру мекемелерінде кәсіптік оқытуды жұмыс берушілердің өтініші бойынша және жұмыс берушінің жұмыс орнында ұйымдастыру үшін өтінімдер қабылдайды.

Оқытудың мақсаты жұмыс берушілер үшін жұмыссыз азаматтар қатарынан қысқа мерзімді білікті кадрларды даярлау. Кәсіптік оқытудың мерзімі біліктілік пен дағдылардың ерекшеліктеріне қарай 6 айдан аспайды. Мемлекет оқу шығындарын өтейді. Оқу барысында жұмыссызға ай сайынғы стипендия мен медициналық тексеруден өтуге біржолғы материалдық көмек төленеді. Еңбек мобильділігі орталығы, жұмыссыз, білім беру мекемесі және жұмыс беруші арасында төртжақты әлеуметтік келісімшарт жасалады.

Қатысуға жіберілетін жұмыс берушілер салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды тұрақты жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам жұмыс істейтін болуы тиіс.

Өтінімдерді 1 мен 31 қазан аралығында қабылданады.

Туындаған сұрақтар бойынша 4-84-96 телефонына  хабарласуға болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.