Құқықтық мәдениетті арттыру көп жағдайда құқықтық қызмет көрсетудің сапалы жүйесін құруға, соның ішінде халықты құқықтық ақпараттандыруға байланысты.
Қоғамның құқықтық хабардарлығы – мемлекеттік басқару, демократияны дамыту тиімділігінің, заңнаманы, азаматтардың әлеуметтік-құқықтық белсенділігін жетілдірудің, олардың құқықтық санасының деңгейін және құқықтық мәдениетін арттырудың, заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайтудың маңызды алғышарты. Құқықтық хабардарлықтың жағдайы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу үшін қажетті болып табылатын қоғамның құқықтық ақпаратқа объективті сұранысымен ескеріледі.
Әрбір азамат субъективті құқықтық өкілеттігін іс жүзінде жүзеге асыру үшін тиісті құқықтық нормаларда сипатталған және бекітілген өзінің құқықтары мен міндеттерін білуді қажетсінеді. Әлеуметтік мәртебесіне қарамастан кез келген азаматқа қажетті құқықтық білімнің міндетті деңгейі бар екендігін атап өткен маңызды.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 899 бұйрығымен «2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспары» бекітілді.
Бүгінгі таңда Қордай ауданы бойынша 19 ауылдық округке «құқық кабинеттерін» іске қосу бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда.
Деректер базасы зияткерлік меншік объектісі болып табылады (Авторлық құқық объектісін тіркеу туралы 2000 жылғы 4 ақпандағы № 017 куәлік Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Авторлық құқықтар жөніндегі комитетімен берілді).
«Заң» деректер базасы тұтынушылардың кең тобына арналған.
«Заң» деректер базасының бағдарламалық кешені ең заманауи компьютерлік технологияларды пайдалана отырып әзірленген.
«Заң» деректер базасы – Негізгі заңнан бастап ауыл округі әкімдерінің шешімдеріне дейін Қазақстан Республикасының барлық нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ алуан түрлі анықтамалықтарды, сөздіктер мен күнтізбелерді, қолданыстағы заңнамаға түсіндірмелерді, құжаттардың шаблондары мен үлгілерін, түсініктеме сипаттағы хаттарды, сот тәжірибесін, құқықтық консультацияны және тағы басқаларды қамтитын құқықтық ақпараттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі неғұрлым толық электрондық жиынтығы.
Деректер базасындағы ақпарат тек қана ресми дереккөздерден жинақталады, бұл нормативтік материалдың ерекше шынайылығын және бақылаулығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Кабинеттерді құру заңдарды өз бетінше зерделеу әдетін қалыптастыруға, сыни ойды дамытуға ықпал етеді. Бүгінгі таңда әділет органдарының алдында азаматтарды өз мүдделерін құқықтық салада қорғай білуге үйрету мақсаты тұр.
Қордай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімшесі