ӨЗ ЗАМАНЫНЫҢ ЗАҢҒАР ҰЛЫ

0

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері атанған Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған игі шара аудандық білім бөліміне қарасты Дінмұхамед Қонаев атындағы мектепгимназиясында өтті.

Шараның мақсаты – Д.А. Қонаевтың мемлекеттік қызметі мен тарихи тұлғасын зерделей отырып, жастарды отансүйгіштікке және елге адал қызмет етуге тәрбиелеу. Осы мақсатты бағдар еткен мектептің ұстаздары мен оқушылар шараға белсене қатысып, еліне қызмет еткен ұлы тұлғаны ұлықтады.

Алдымен, мектеп директоры Назира Танабекова, ұстаздар мен оқушылар ұлы тұлға ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым жасады. Бұл шара – жас ұрпақтың тарихи тұлғаларға деген құрметін қалыптастырудың маңызды үлгісі.

Шараның келесі бөлімі концерттік бағдарламаға арналды. Мектеп қызметкерлері мен оқушылар бірлесіп ұйымдастырған концертте әртүрлі музыкалық номерлер, поэзиялық оқулар, және қойылымдар ұсынылды. Сондай-ақ, өз дәуірінің кемеңгері, дана халықтың дара перзенті, елу жыл ел ағасы атанған Дінмұхамед Ахметұлының туған күніне орай ұйымдастырылған еске алу кешінде оның өмір жолы мен қызметі жайында жинақталып, арнайы дайындалған деректі фильм көрсетілді. Аталған фильмде мемлекет қайраткерінің саясаттағы рөлі, халқына жасаған қызметі және елде қалыптастырған тұрақтылықтың маңыздылығы туралы баяндалды. Сонымен қатар, халқына әрдайым адал қызмет етуі туралы архивтік кадрлар мен сұхбаттар ұсынылды.

Осыдан кейін, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері атанған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың құрметіне волейболдан турнир ұйымдастырылды.

Әділет ҚҰТТЫБАЙ

Leave A Reply

Your email address will not be published.