14 шілдеде Қордай аудандық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы Қарлығаш Қыпшақбаева мәслихаттың кезектен тыс сессиясын өткізді. Оның жұмысына депутаттардан бөлек аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.
Депутаттар «Қордай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №38-4 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселені талқылап, ол бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиева баяндама жасады.
Сондай-ақ, сессияда аудандық мәслихаттың бұған дейін қабылдаған «Қордай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы № 21-4 «Қордай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 наурыздағы №21-4 шешіміне өзгерістер енгузі туралы шешімінің күші жойылды.