15 шілде күні Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нұрдин Садықовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың сессиясы болып өтті. Сессия жұмысына депутаттардан бөлек аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.
«2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы No16-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» сұрақ бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Сватлана Абдужалиева баяндама жасады. Жан-жақты талқылаудан кейін депутаттар ұсынылған өзгерістерді мақұлдады.
Келесі кезекте «Қордай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қазандағы No 10-3 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және кейбір көмектердің тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және Қордай ауданындағы аз қамтылған азаматтардың санаттары туралы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ақсана Елеусізова хабарлама жасады. Сессия барысында депутаттар кейбір ведомствоаралық сипаттағы комиссияларды бекітті.