Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Қордай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қазандағы №10-3 «Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігін хабарлайды:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және еңбек ардагерлеріне табыстарын есепке алмай, абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағындағы санаторий-курорттық емделуге шығындарын өтеу үшін, жылыны бір рет 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлерге ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып, абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында санаторий-курорттық емделуге шығындарын өтеу үшін, жылына бір рет 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Санаторий – курорттық емделуден өткен азаматтардың жол жүру шығыстарын төлеу жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Біржолғы әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі, жағдай туындаған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей жасалады.
Жоғарыда көрсетілген бір жолғы әлеуметтік көмек Қордай ауданы аумағында тұрақты тіркеуде тұрған азаматтарға көрсетіледі.
Барлық сұрақтар бойынша Қордай ауылы, Төле би көшесі, 49 үй (байланыс тел: 2-10-03) мекен-жайы бойынша орналасқан Қордай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе тұрғылықты мекенжай бойынша жергілікті әкімдікке жүгінуге болады.
Л.Минискулова, бөлім басшысының орынбасары