№ 7 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ АМАНБАЕВА МАДИНА АХАНҚЫЗЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

0

Мен, Аманбаева Мадина Аханқызы   1985 жылы 3 қаңтарда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Бетқайнар ауылында дүниеге келдім.  Ұлтым – қазақ, білімім – жоғары.

2003 жылы Алматы  қаласында заң колледжін құқықтану мамандығы бойынша, 2014 жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетін педагогика және психология мамандығы бойынша тәмәмдадым.

09.2005-05.2008 жылдары Қордай ауылында №1 Д.А.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында директордың  тәрбие істері  жөніндегі орынбасары, 06.2008-09.2023 жылдары Беріктас ауылының «Айсәуле» балабақшасының меңгерушісі, 09.2023 жылдан осы күнге дейін Қордай ауылының «Айналайын» бала бақшасының меңгерушісі қызметін атқарып келемін.

Сонымен қатар, 02.2022 жылдан Қордай аудандық Қоғамдық кеңестің мүшесімін.

Туған елін әркім қастерлеуі тиіс. Мен де ел мақсатына жұмыс жасап, әл-күшімді әділдіктің аласармауына, әлсізге болыссам деген перзенттік парызымды атқарғым келеді.

Халықтың сеніміндегі «AMANAT» партиясы алдымызға мақсат қойып, бағыт-бағдар беріп отыр. Ел болып еңсемізді тіктеп,  ескі ұстанымды жаңа бағытқа бұру, яғни Жаңа Қазақстанды құруға күш жұмылдыруды мақсат етуіміз қажет. Сондықтан да ел ісіне тәуекел еткен әрбір саналы азаматтың тағдыр жолында тартысқа түсуден тайсалмауы тиіс.

Келешекте де өз қайрат-күшіме арқа сүйеп, маңызды міндеттерді атқаруға батыл бара аламын деген оймен сайлауалды бағдарламамды таныстырғым келеді.

Маған сеніп депутат етіп сайласаңыздар:

  1. Өтеген ауылының Жамбыл көшесіне асфальт төсеу, осы көшенің бойындағы каналдан шыққан қоқысты тазалау және электр бағаналарын ауыстыруға;
  2. Өтеген ауылындағы Тілеміс көшесіне жарықтандыру жүргізуге;
  3. Қарасу ауылындағы жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
  4. Қарасу ауылын газдандыруға;
  5. Қарасу ауылдық округінде игерілмей жатқан бос жерлерді қайтаруға бағытталған «AMANAT» партиясының «Жер аманаты» жобасының іске асырылуына бар күшімді жұмсайтын боламын.
  6. Ауылдық округтегі ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құру бағытында жұмыс атқарамын.
  7. Ауылдық округте шағын және орта бизнес субъектілері мен ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруда жыл сайын субсидиялар мен бизнесті дамыту тетіктерін пайдалану, «Еңбек» бағдарламасы бойынша қайтарымсыз гранттар мен төмен пайыздық шағын несиелер алуға қолжетімділікті арттыруға ықпал етемін.

Қадірменді сайлаушылар!

Маған дауыс бергендеріңіз – алдағы істердің жүйелі атқарылуын қолдағаныңыз деп білемін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.