№239 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасаушылар қатарында Қордай ауданының және Жамбыл облысының Құрметті азаматы, «Парасат» орденінің иегері Төле Сүгірбай ақсақал да болды.
Мемлекетіміздің қалыптасу кезеңінде ауданымызда басшылық қызметте ұзақ жылдар бойы аянбай еңбек еткен ардагер бұл маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, жаңа реформаны қолдайтынын жеткізді.
Өз сөзінде ол еліміздің жаңа Конституциясы алпауыт елдердің Ата заңдарымен қатар тұра алатын, иық тірестіретін басты заң құжатына айналатынына сенім білдірді. Сонымен қатар, ол бүгінгі референдумның ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтті.