№239 референдум учаскесінде бүгін таңертеңнен бері қарбалас байқалады. Учаске өз жұмысын ерте бастап, тұрғындарды қабылдауда. Таң сәріден-ақ дауыс беруге келген ауыл тұрғындарының қатары көбейіп, науқанға деген қызығушылық пен жауапкершілік айқын сезілуде.
Дауыс берушілерге қолайлы жағдай жасалып, учаске қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Комиссия мүшелері өз міндеттерін талапқа сай атқарып, тұрғындардың еркін әрі ашық түрде таңдау жасауына мүмкіндік беріп отыр.
Бұл күн елдің ертеңіне бейжай қарамайтын азаматтардың ортақ жауапкершілігін көрсететін маңызды сәттердің бірі.