№3 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ ТУНШАНЛО АМИНЕ ЯСЫРОВНАНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

0

Мен, Туншанло Амине Ясыровна 1971 жылы 20 маусымда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Масанчи ауылында дүниеге келдім.

Ұлтым – дүнген, білімім – жоғары.

1995 жылы Абай атындағы Мемлекеттік Университетін география пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша, 2017 жылы Арабаев атындағы Қырғыз Мемлекеттік университетін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мамандығы бойынша тәмамдадым.

Еңбек жолымды 1988-1989 жылдары М.Масанчи атындағы орта мектебінде тәлімгер болып бастадым.

1989-2015 жылдары М.Масанчи атындағы орта мектебінде география пәнінің мұғалімі, 2015-2020 жылдары Қордай ауданы Масанчи ауылдық округінің «Ертөстік» бөбекжайында меңгерушінің міндетін атқарушы қызметтерін атқардым.

2020 жылдан осы күнге дейін «Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің «Ертөстік» бөбекжайының меңгерушісі болып қызмет атқарып келемін.

Мен еліміздегі жалпы халықтық сенімге ие болған  «AMANAT» партиясының атынан аудандық мәслихат депутаттығына сайлауға түсіп отырмын. Бұл шешім үлкен жауапкершілік екендігін түсінемін. Өмірлік тәжірибем мен біліктілігімді пайдалана отырып, ауданымыздың экономикалық-әлеуметтік дамуына, халықтың тұрмыс тіршілігін көтөруге өз септігімді тигізетін боламын. Осы орайда өз сайлауалды бағдарламамды назарларыңызға ұсынамын.

Болашақта мәслихат депутаты ретінде билік пен азаматтық қоғам арасында жергілікті атқарушы органдар алдында  халықтың проблемалық мәселелерін көтеріп бірқатар мәселелерді шешуге атсалысамын. Ауылдық округтерге барып азаматтардың жеке сұрақтарына көңіл бөлетін боламын.

Әлеуметтік желілерде (фейсбук, инстаграмда) үнемі атқарылған, атқарылатын жұмыстар барысы жайында жариялап, қойылған сұрақтарды назарда ұстаймын.

Сондай-ақ, ауданымыздағы түрлі көпшілік мәдени, спорттық шараларға, саяси және ұлттық мерекелерге атсалысып, қайырымдылық іс-шараларға араласып және қолдан келгенше мұқтаж жандарға, өз көмегімді беремін.

Мемлекеттік жәрдемақыға қол жетпей жүрген отбасыларға, жалғыз басты аналарға, құжат рәсімдеуіне жәрдемдесемін.

Алдыма бірқатар міндеттер қойдым. Аудандық мәслихат депутаты ретіндегі сайлансам, мақсаттарымды іске асыруға барымды саламын:

1.Ең алдымен, менің мақсатым – ауыл тұрғындарының табысын арттыру. Ол үшін шағын және орта кәсіпкерлерді қолдау және ұлғайту жұмыстарын жүргізу;

  1. Жылыжай құру мәселелерін көтеру және оның шешімдерін табу;
  2. Шағын құс фермаларын құру мәселелерінің шешімін табу (бірлесіп кәсіпкерлермен жұмыс атқару);
  3. Масанчи ауылындағы спорт кешені құрылысының жүргізу мәселесін көтеру;
  4. Талап еткен мектептерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді зерделеу және шешімін табуға ықпал етемін.

Сондай-ақ, жыл сайын «Жастар практикасы» және «Жасыл ел» жастар жасағы жобалары арқылы жастардың жұмысқа орналасуына көмек көрсету және аталған жобалар бойынша мерзімді жұмыс уақыты аяқталған жастардың әрі қарай жұмысқа орналасуына көмек көрсету болып табылады.

Мен де өз елімнің нағыз патриоты ретінде Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» атмосферасын құруға және оның деңгейін төмендетуге көмектесемін, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға күш саламын.

Қадірменді сайлаушылар!

Маған дауыс беріп, қолдау білдіресіздер деп сенемін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.