№7 Бетқайнар колледжі – жастарға сапалы білім мен кәсіби дағды беретін жетекші оқу орындарының бірі.
Колледжде техникалық және кәсіптік мамандықтар бойынша оқыту жүргізіледі. Бізде 4 мамандық 8 біліктілік бойынша мамандар даярлайды. Атап айтсақ: «07161600 Ауылшаруашылығын механикаландыру», «07150500 Дәнекерлеу ісі», «07230100 Тігін өндірісі және киімді үлгілеу», «06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету». Студенттер тек теориялық білім алып қана қоймай, практикалық дағдыларды да жетілдіреді. Сонымен қатар, дуальді оқыту жүйесі енгізілген, бұл студенттердің оқу барысында өндірістік тәжірибеден өтуіне мүмкіндік береді. Әр студентке 43500 теңге шәкіртақы тағайындалған. Сонымен қатар тегін жатақхана мен ыстық тамақ беріледі.
№7 Бетқайнар колледжі студенттердің жан-жақты дамуына үлкен көңіл бөледі. Колледж заманауи жабдықталған зертханалармен, оқу аудиторияларымен және тәжірибелік сабақтарға арналған арнайы орындармен қамтамасыз етілген.
Оқу орнында түрлі мәдени, спорттық және ғылыми шаралар ұйымдастырылады. Студенттер облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға, ғылыми жобаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.
№7 Бетқайнар колледжі – білімді жастардың таңдауы! Бұл оқу орнына түсу арқылы, сіз өз болашағыңыздың берік негізін қалай аласыз!