Мен, Қойшыбай Ерболат Қуанышұлы 1993 жылдың 3 ақпанында Жамбыл облысы, Қордай ауданы Бетқайнар ауылында дүниеге келгенмін. 2016-жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде
«Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша аяқтадым.
Қазіргі таңда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Бетқайнар ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы қызметін атқарамын.
ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН ЕҢБЕК ЕТЕМІН!
Қордай аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған жағдайда аудан тұрғындары алдында аса жауапты міндеттер жүктелетінін аса зор сезінемін. Ең бастысы алға қойған мақсатым аудан тұрғындарының мәселелеріне әркез мән беріп, оның шешілуі жолында табандылық танытып, ауданның қоғамдық-саяси дамуына барынша үлесімді қосу.
Егерде мені Қордай аудандық мәслихатының депутаты ретінде сайлаған жағдайда бар күш-жігерімді осы қызмет жолында жұмсайтын боламын. Атап айтсам:
- Көше жарығының тұрақты жұмыс жасауы мен ауыз судың тұрақты берілуіне ықпал ету;
- Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жеңілдетілген несие, гранттарға қол жеткізуіне ақпараттық қолдау жасау;
- Өз округімдегі жолдардың сапасын қатаң бақылауға алам және жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- Таза ауыз сумен қамтамасыз етуге;
- Ауылдық округтегі тұрмысы төмен отбасыларына жәрдемдесу, көпбалалы аналардың, мүмкіндігі шектеулі жандардың, жалғызілікті кісілердің жағдайына қарайласу бір сәтке де назардан тыс қалмауы қажет. Олардың мемлекет қолдауын сезінуі үшін еңбек етемін.
Өз бойымдағы ізгі қасиеттер мен белгілі бір деңгейдегі тәжірибемді пайдалана отырып, өздеріңіздің пікірлеріңізді ескеріп, бірлесе жұмыс жасауға дайынмын.
Құрметті сайлаушылар!
Мен өз сайлау округімдегі тұрғындардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсарту бойынша алға қойылған міндеттерді шешу үшін кандидатурамды ұсындым. Жаңа Қазақстанды бірге құруға сіздерді шақырамын!