№9 САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ НҰРҚИЯС АЙДАНА ДОСЫМХАНҚЫЗЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

0

Өмірбаян

Мен, Нұрқияс Айдана Досымханқызы,             1995 жылы 17 қарашада Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Алға ауылында  дүниеге келдім.

2002-2009 жылдар аралығында М.Смағұлов атындағы №34 орта мектепте 8-сыныпқа дейін білім алдым. 2010-2013 жылы Б.Бөлтірікова атындағы №4 орта мектебінде оқып, осы білім ошағын бітірдім.

2013 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «География-экология» мамандығы бойынша жоғары оқу  орнына  түсіп, 2017 жылы аяқтадым.

Еңбек жолымды 2017 жылы Д.Қонаев атындағы №1 мектеп-гимназиясында аға тәлімгер қызметінен бастадым.

2018 жылы Қордай ауылында орналасқан Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында педагог-ұйымдастырушы және қосымша білім беру педагогы қызметіне ауысып, 2022 жылға дейін осы мекемеде жұмыс атқардым.

2022 жылдың шілде айынан бастап Қордай аудандық Мәдениет үйіне мәдени-ұйымдастырушы қызметіне ауыстым.

2022 жылдың қыркүйек айында  Мәдениет үйі директорының орынбасары лауазымына тағайындалып, осы күнде аталған лауазымды атқарып отырмын.

 

Сайлауалды бағдарлама

Құрметті сайлаушылар!

Менің басты мақсатым –Әділетті қоғамның қалып-тасуына, ауыл тұрғындарының табысын арттыруға ықпал ету болып табылады. Ол мақсатқа жету үшін алдыма өзімнің сайлауалды бағдарламамды қойып отырмын.

Инфрақұрылымдық  жүйе-лерді  жақсарту.

Өз сайлау учаскемдегі көше жолдары мен жарықтандыру жұмысын жандандыруға ықпал ету.

Мәдени, білім   объектілердің  қолжетімділігін  қамтамасыз  ету.

Бұқаралық спортты дамыту.

Партизан ықшам ауданында балаларды спорт пен салауатты өмір салтына баулу мақсатында   «Street work out» алаңдары жұмыстарының жүргізілуіне ықпалымды тигіземін.

Өз елінің нағыз патриоты ретінде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік атмосферасын құруға және оның Қазақстандағы деңгейін төмендетуге, халқымыздың бірлігін нығайтуға ұмтылатын боламын.

Құрметті сайлаушылар!

Мен өз сайлаушыларымның әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын едәуір арттыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.