🇰🇿Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия

0

Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады. Құжат азаматтар, партиялар, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардың 6 ай бойы жолдаған 2000-нан астам ұсынысы негізінде әзірленді.

🔹 Реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында айтылған бір палаталы Парламент құру бастамасынан бастау алды.

🔹 2026 жылғы қаңтарда құрылған Конституциялық комиссия құрамына 130 адам кірді, барлық өңір мен әлеуметтік топтар қамтылды.

🔹 Комиссия Конституцияның 77 бабына, яғни мәтіннің 84%-ына өзгеріс енгізуді ұсынды.

📌 Жаңа Конституцияның негізгі идеялары:
Адам құқықтары мен бостандықтары – мемлекеттің басты басымдығы
Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, экология – конституциялық қағидаттар
Егемендік, тәуелсіздік, аумақтық тұтастық – өзгермейтін құндылықтар
Мемлекеттік биліктің бастауы – Қазақстан халқы
Ел болашағы – білім, ғылым, мәдениет және инновация
Цифрлық ортадағы құқықтарды қорғау алғаш рет бекітіледі

🏛 Институционалдық жаңалықтар:
145 депутаттан тұратын бір палаталы Парламент – Құрылтай
Пропорционалды сайлау жүйесі, депутаттар – 5 жылға
Қазақстанның Халық Кеңесі – заң шығару бастамасы бар консультативтік орган
Вице-президент институты енгізіледі
Адвокатура, зияткерлік меншік, «Миранда ережесі» Конституция деңгейінде бекітіледі

⚖️ Қоғамдық және рухани қағидаттар:
Зайырлы мемлекет қағидаты күшейтіледі
Неке – ер мен әйелдің тең құқықты одағы
Кінәсіздік презумпциясы мен азаматтардың құқықтық кепілдіктері кеңейтіледі

📄 Жаңа редакцияда: Преамбула, 11 бөлім, 95 бап ұсынылып отыр.

💬 Ұсыныстар e-Otinish және eGov арқылы қабылдануда.

🗳 Соңғы шешімді халық жалпыұлттық референдумда қабылдайды.

Конституциялық комиссияның жұмысы жалғасуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.