👨⚕️ ЖАСТАР ТӘЖІРИБЕСІ – ТАБЫСТЫҢ АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҒЫ
«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы жас мамандардың еңбек жолын бастауына үлкен мүмкіндік беріп келеді. Соның жарқын мысалы – жас маман Абзал Жұмамұрат.
Мансап орталығының жолдамасымен жергілікті емханаға жұмысқа орналасқан Абзал бүгінде өз мамандығы бойынша тәжірибе жинақтап, тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуде. Оның жауапкершілігі мен кәсібіне деген сүйіспеншілігі бағдарламаның тиімділігін айқын көрсетеді.
Мемлекет тарапынан ұсынылып отырған бұл бастама жастардың кәсіби дамуына жол ашып, тұрақты жұмыспен қамтылуына қолдау көрсетуде.