📌 ҚОРДАЙДА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Қордай аудандық Қоғамдық кеңесі аудан тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқаты мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар қоғамдық мониторинг жұмыстарын жүргізді.
🔹 Кеңес төрағасы Н.Молдабековтың жетекшілігімен аудан аумағындағы дәріханаларда дәрі-дәрмек бағаларына қоғамдық бақылау ұйымдастырылды. Мониторинг барысында әлеуметтік маңызы бар дәрілік заттардың қолжетімділігі, баға саясатының заңнама талаптарына сәйкестігі және дәрі-дәрмек қорының жеткіліктілігі зерделенді. Нәтижесінде тұрғындар үшін маңызды мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар берілді.
🔹 Сонымен қатар, балалардың жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су айдындарында қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді. Мониторинг барысында Қордай ауданындағы «Алмаз» және «Гавайи-Қордай» демалыс орындарының жағажайлары тексеріліп, қауіпсіздік талаптарының сақталуы, ескерту белгілерінің орнатылуы және құтқару құралдарының болуы назарға алынды.
Қоғамдық бақылау – халықтың мүддесін қорғауға, тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды құрал. Бұл бағыттағы жұм