📍Қордай ауданында ауыл шаруашылығы алқаптарын шегірткеден қорғау жұмыстары жүргізілуде

0

📍Қордай ауданында ауыл шаруашылығы алқаптарын шегірткеден қорғау жұмыстары жүргізілуде

Қордай ауданында ауыл шаруашылығы алқаптарын аса қауіпті зиянкестердің бірі — шегірткеден қорғау мақсатында кешенді фитосанитариялық іс-шаралар жалғасуда.

Мамандардың айтуынша, егістік алқаптарды қорғау жұмыстары бірнеше бағытта ұйымдастырылған. Атап айтқанда, әуеден өңдеу, жерүсті техникасын қолдану, аэрозольдік қондырғылар мен заманауи дрондар арқылы мониторинг және өңдеу шаралары жүргізілуде.

Ағымдағы жылы аудан аумағында мыңдаған гектар жерге фитосанитариялық мониторинг жүргізіліп, зиянкестер ошақтары анықталған. Осыған байланысты өңдеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қордай аудандық аумақтық инспекциясының мәліметінше, италиялық прус шегірткесіне қарсы 10 мың гектардан астам аумақты өңдеу жоспарланған. Бүгінде жұмыстардың елеулі бөлігі орындалды.

Әуе арқылы жүргізілетін өңдеу жұмыстарының тиімділігі жоғары. Бір ғана АН-2 ұшағының бір рейсі барысында шамамен 100 гектарға дейін жер өңделеді. Бұл тәсіл зиянкестердің таралуын жедел тежеуге мүмкіндік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.