📍Әкелер күніне орай «Әке – отбасының тірегі» аудандық байқау өтті
Қордай аудандық Мәдениет үйінде Әкелер күніне орай аудандық байқау ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – әке мәртебесін көтеру, отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұлттық тәрбиені насихаттау және ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлін кеңінен көрсету.
Байқауға ауданның әр ауылдық округтерінен келген әкелер мен олардың балалары қатысып, түрлі кезеңдер бойынша өз өнерлері мен білімдерін ортаға салды. Қатысушылар отбасыдағы сыйластықты, рухани байланысты және ұлттық құндылықтарды айшықтай білді.
Шараның ашылуында аудандық мәслихат төрағасы мен ардагерлер кеңесінің төрағасы сөз сөйлеп, әкенің қоғамдағы орны мен отбасы тәрбиесіндегі маңызын ерекше атап өтті.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, барлық қатысушылар дипломдармен, алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.